Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қорғанда солтүстікқазақстандық ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті

Сауда алаңдары қаланың орталық базарларының бірінде орын тепкен. Өңірімізден аттанған 15 кәсіпорын қорғандықтарға 100-ге тарта тауар түрін ұсынып отыр. Олар: шұжық, жұмыртқа, макарон, ұн, бал, жарма, құрғақ таңғы астар, кондитер және сүт өнімдерінің түр-түрі. Жалпы көршілес аймаққа жеткізілген 12 тонна өнімнің сомасы 10 млн теңгені құрап отыр. Делегацияны облыс әкімі Ерік Сұлтанов бастап барды. Іссапар барысында өңір жетекшісі Қорған облысының басшысы Алексей Кокоринмен кездесіп, жәрмеңкені аралады. Тағы көрші елдегі танымал емдеу мекемесі – Илизаров клиникасына соғып, өндіріс ошақтарына барды. Содан соң көршілес аймақ басшылары жол картасы мен бірқатар меморандумдарға қол қойды. Делегациямен Қорғанға арна тілшілері де аттанған болатын. Бұл жайлы жаңалықтардың толық нұсқасын ертең, тамыздың 19-ы күні назарларыңызға ұсынатын боламыз.

Магжан Ахмадина