Балалар

“Елбасының “Әлем. 21 ғасыр” манифестін жастар қолдайды

Бірінші кезекте өздері жапа шекті, табиғат анаға айтарлықтай залал келтірді. Мұндай оқиғалар болмасын деген ұранмен елбасымыз “Әлем. 21 ғасыр” манифестін қабылдады. Өзге ел президенттері де құптаған маңызды құжатты өңірдің жастары бір ауыздан қолдап отыр.

Динара Шәжімбаева, СҚО бойынша «Қазақстан студенттер Альянсы» жетекшісі:


– Елбасының осындай ьшешіміне алғысымды айтамын. Біз жастар әрқашан қолдаймыз.

Дархан Теміртас, “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының СҚО бойынша төрағасы:


– Біз ұйымымымызда түрлі экологиялық шараларды өткізуге тырысамыз. Бүгінгі ұрпақ бейбітшілік қадырін білсе екен.

Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғаш болып Семей ядролық сынақ полигонын біржола жапты. Жергілікті жастардың айтуынша келешегі зор елде Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қару болмауы тиіс. Қыз-жігіттердің “Әлем. 21 ғасыр” манифестін талқылаған жиынына 78 жастағы кейуана Павлина Соколова қатысып, өз ойымен бөлісті.

Павлина Соколова, Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– Бүгін әлем бейбітшілігін сақтау жайына бей-жай қарамайтын жастардың бір жерге жиналып отырғаны қуантады. Олар осылайша еліміздегі маңызды құжатты өз араларында талқылап отыр. Балаларымыз бүгінгі бейбітшілікке жету үшін түрлі қақтығыстар мен қиындықтардан өтті. Бүгінгі тәуелсіздік ерлер аманаты. Ал оны сақтау осы жастардың міндетінде.

Жергілікті жастар бұл тақырыпты әлі де қаузап, өскелең ұрпаққа “Әлем. 21 ғасыр” манифестінің мәні мен мазмұнын түсіндіруге ат салысмыз деп отыр.

Акбопе Танирберген