МТРА жаңалықтары

Петропавл қалалық №3 ауруханасына 5 жас маман жұмысқа тұрды

Ол осында 1 жұмадан артық жұмыс істеуде. Астана медициналық университетін аяқтаған соң жас маман Петропавл қаласын таңдаған. Бейбіт шаһарымызға зайыбы Гүлзат Түлебековамен бірге келіпті. Бүгінде жас мамандар осы ауруханада еңбек етеді.

Бейбіт Дайрабаев – Петропавл қалалық № 3 аурухананың дәрігер-хирургі:


– Бізге мұнда ұнаған жері: жас мамандарға тәжірибе жинауға, үйренуге, мүмкіндіктің барлығы бар. Мен мұнда жұбайыммен келіп отырмын.Ол терапия бөлімінде жұмыс істейді. Ал, мен хирургия бөлімшесінде. Аурухана бөлімшелерімен таныстым. Ойымнан шықты.

Жалпы жас мамандарға жаңа жұмысына тез үйреніп кетуі үшін барлық жағдайлар жасалуда. Қызметке тұрғанда оларға 400 мың теңгеден астам көтерме ақы беріледі екен.

Руслан Тасов – Петропавл қалалық № 3 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

– Біз жыл сайын бос орындар жәрмеңкесіне барып, дәрігерлерді өз мекемемізге шақырып тұрамыз. Олармен келісім шартқа отырамыз. Биыл біз Астана және Алматы қалаларына жол жүрдік. Біздің мекемеге қызметке тұрған мамандарға тұрғын үймен көмектесеміз. Жалға алатын пәтер ақының жартысын төлейміз. Сонымен бірге, жастар келген бетте оларға жоғары санатты дәрігерлерді тәлімгер етіп қоямыз. Осылайша, олар тәжірибе алмасады.

Қалалық №3 ауруханасында жылына 17 мыңға жуық халық ем-дом алады екен. Қазіргі сәтте осында 100-ден астам дәрігер және 350 медбике еңбектенеді. Жалпы биыл облыс орталығындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 80 жас дәрігер қызметке тұрмақ.

Тогжан Акмагамбетова