МТРА жаңалықтары

Жыл басынан “Нұр Отан” партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауына 1000 аса өтініш түскен

Жерлестерімізге партия мүшелері жылдам уақытта қолқабыс білдіруге әзір. Мәселен, олар жуырда бірнеше ай бойы жергілікті компаниядан жалақыларын ала алмай жүрген азаматтарға тиісті көмек көрсеткен.

Абай Қайсин — «Нұр Отан» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауының меңгерушiсі:

– Дор-Строй Трест” серістестігі жұмысшыларына жалақы бермеген. Осыған орай бізге тұрғындар мәселені шешуге көмектесуімізді сұрады. Партия өкілдері аталған компанияның басшыларымен кездесіп бұл түйткілдің жауабын тапты. Қазір еңбекккердер тиісті ақыларын алды.

Жалпы, жыл басынан бері солтүстісқазақстандықтар “Нұр Отан” партиясы СҚОФ-ның қоғамдық қабылдауына 1127 өтініш білдірген. Оның басым көпшілігі адамдарды баспанамен қамту және жұмысқа орналастыру, жол жөндеу, үйлерге су тарту мәселеріне қатысты болған. Айта кетейік, тұрғындардан түскен өтініштердің 70 пайызы осы жерде шешіліпті.

Абай Қайсин — «Нұр Отан» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауының меңгерушiсі:

 


– Жал басынан бері теріскейліктерден түскен 209 өтініш мақұлданып, өз жауабын тауыпты. Бұл дегеніміз бізге жолданған әрбір 5-інші сауалдың шешілгендігі. Аладағы уақытта да тұрғындардан қабалданған өтініштерді бір жақты етуге көмектесеміз.

Сонымен қатар, тұрғындар партияның аудандық филиалдары мен мемлекеттік мекемелерге өз өтініштерін байланыс-орталығы арқылы білдіре алады. Ол үшін жерлестеріміз 8 800 080 44 41 нөмеріне тегін хабарласу мүмкіндігіне ие. Айта кеткен жөн, тағы солтүстікқазақстандықтар өз мәселерін электронды түрде шеше алады. Жыл басынан бері ғаламтор арқылы тұрғындардан түскен 40 өтініш шешімін тауыпты.

Култанов Байболат