Спорт

Петропавлда алғаш рет әуесқой ерлер командалары арасында жағажай волейболынан жарыс өтті

Біріншіден мұны құмда ойнаса, екінішіден команда құрамында екі-ақ спортшы болады. Өңірде аталған спортты дамыту мақсатында алғаш рет әуесқой ерлер командалары арасында сайыс өткізіліп отыр.

Павел Юхименко – жарыс ұйымдастырушысы:

 

– Біздің қаламызда жағажай волейболы мүлдем дамымаған. Өйткені , ешқандай да жағдайлар жасалмаған. Биыл біз осы спорт түрінен жарыс өткізу үшін керемет ғимарат тауып алдық. Тіпті, жауын-шашын болған уақытта да ойнауға болады. Осы сайыста әуесқой спортшылар жарысуда. Енді жыл сайын осындай бәсекелерді өткізу ойымызда бар.

Жалпы, дүбәрлі додада 15 пен 45 жастағы ер азаматтардан жиналған 12 құрама бақ сынасты. Ал, дәл қазір мына жерде 3-ші орын үшін екі команда ойыншылары таласуда. Қос жақтың қол доп шеберлері бір-біріне дес бермей, қарсылық танытты. Бұл ойынға Андрей Константин да тыңғылықты дайындалған.

Андрей Константин – жарысқа қатысушы:

– Мен 17 жыл волейболмен айналысамын. Бүгін өзімнің тәрбиеленушіммен жұптамын. Екеуіміз көп жаттықтық. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Екі күнге созылған бәсеке қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен марапатталды.

Акбопе Танирберген