Әр түрлі

164/6 түзету мекемесінде ең сұлу жан таңдалды

Бәрін өздері дайындаған. Тіпті үстеріндегі көйлекті де. Түзету мекемесінде кісі өлтіріп, есірткі тасымалдаған, ұрлық жасап, алаяқтық басқа да қылмысқа барған 200-ге жуық әйел, осылайша жылына бір мезгіл өткен қателіктерін ұмытып, өзінің нәзік жан екенін сезінеді.

Анна Попова түзету колониясына адамды зорлап ұстағаны үшін түскен. Яғни ол жолдасымен бірге бір топ нәзікжандыны жыныстық құлдыққа итермелеген. Бұл қылмысы үшін оған 5 жарым жыл беріліпті. Бүгінде оның екеуін өткерді. Бір аптадан соң Аня екі кішкентай қызының қасына барады. Үлгілі тәртібі үшін оны мерзімінен бұрын босатуда.

Анна Попова – ЕС-164/6 мекемесiнде жазасын өтеуші:


–  Үстімдегі “Әуе көйлегі” деп аталады. Оны жасау үшін 2500 дана целофан жұмсалды. Бір аптадай еңбек жасадық. Сырға да қолдан жасалған. Бүгінгі сайыста бірінші орынға қолжеткіземін деген ойдамын. Барлығына сәттілік.

Барлығы 6 сайыс. Бірінішісі – дефиле. Бұл байқауда үздік көрінген 21 жасар Милана Малароева болды. Ең жас қатысушы көйлегін қайың жапырақтары мен түйежапырақтарды қолдана отырып дайындапты. Ол үшін екі күн уақытын жұмсаған.

Милана Малароева – ЕС-164/6 мекемесiнде жазасын өтеуші:

– Үстімдегі көйлегіме 5 шара жапырақ жұмсалды. Образым әдемі шығуы үшін екі адам жұмыс жасады. Жапырақтар қурап қалмас үшін соңғы екі күнде ғана дайындала бастадық. Мен бүгінгі шараға “Орман ханшайымы” ретінде келіп тұрмын.

Нәтижесінде 8 арудың ішінен таңдалып алынған сұлу бір жыл бойы «Колония аруы» титулының иесі болмақ.

Тогжан Акмагамбетова