Білім

Биыл М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-не 400-ден астам білім гранты бөлінді

Дегенмен, Мадина құжаттарын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің қаржы менеджменің ақылы бөліміне түсуді жоспарлап отыр.

Мадина Темірбекова – талапкер:

– Мен грантқа түспедім.Бірақ ЖОО-нда білім алатын боламын. Ағам Нияз секілді жергілікті университетте қаржы менджменті бойынша білім аламын деген ойдамын. Жақсы маман болуға тырысамын.

Ал Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Сұраған Оразбаев болса, Астана қаласында тегін білім алады. Ол С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының грант иегері атаныпты.

Сұраған Оразбаев – талапкер:

–  ҰБТ-да 101 ұпай алдым. Құжаттарымды бірнеше мамандық бойынша тек бір ғана ЖОО-на тапсырдым. Өйткені маған Қазақ агротехникалық университеті ұнайды. Грантқа түскеніме қуаныштымын.

Биыл елімізде білім гранттарын үлестіру конкурсына 59 677 адам қатысып, оның тек 31 мың 702-сі ғана ақысыз оқу мүмкіндігіне ие болды. Оның 400-ден астамы жергілікті ЖОО-нда білім алмақ.

Гүлмира Оспанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– Биыл біздің университетке грантқа түсу үшін 826 түлек өтініш берген. Бірақ оның тек жартысы ғана тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Сондай-ақ, биыл журналистика, радио-электрокоммуникация сынды мамандықтарға да грант бөлініп отыр. Ал «Серпін-2050» бағдарламасымен СҚМУ-не 230 студент қабылданады деп күтілуде.

Олар бізге Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Қызылорда өңірлерінен келеді деп жоспарланған.

–  Жалпы ағымдағы жылы 12 593 грант Техникалық және технологиялық мамандықтарға, тағы 5 мыңға жуығы педагогтикалық салаға, ауылшаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына 2690 грант бөлінген. Ал медицина саласында ағымдағы жылы 3 мың түлек тегін білім алатын болады.

 

Айгерим Ержанова