Балалар

Достық лагерінде 150-ден астам бала демалуда

Айгүл Искенеева:


– Мен мұнда биыл екінші мәрте келдім. Достарым көп. Келесі жылы да келемін. Өте ұнайды.

Лагердің биылғы 5-ші маусымы «Пионер – бар балаға үлгі» деген атпен өтуде. Әскери-спорттық тақырыпты қамтыған. Балалар лагерге келген алғашқы күндерін әскери ойындарға арнапты. Ал бүгін 6 топ саптық дайындықтарын көрсетіп өзара жарысуда.

Сәнжан Нұрмұханбет:


– Мұнда келген 4 күн бойы әскери жарыстарды өттік. Қызық болды. Бүгін өзара саптағы дайындығымызды көрсетіп жарысудамыз.

Достық лагері өз есігін маусымның 10-ы балаларға айқара ашқан. Мұнда 10-15 жас аралығындағы 151 ұл-қыз демалуда.

Наталья Киселева, «Достық» сауықтыру лагерінің директоры:

 

– Қазір біздегі 151 баланың барлығы тегін демалып жатыр. Оларға жолдама Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген. Толымсыз, жетім және әлеуметтік аз қамтылған балалар. Әр маусым түрлі тақырыпта өтеді. Оларға ұнайды. Қазақ және ағылшын тілі мамандары жұмыс жасайды. 5 реттік тамақ беріледі. Күнделікті бассейнге түсіп, өзара түрлі сайыстарда бақ сынасады.

Жаз басталғалы ересек балаларға арналған «Достық» сауықтыру лагерінде 700-ден артық бала демалыпты. Аталмыш сауықтыру орны тамыздың 16-сы күні өз маусымын жаппақ.

Акбопе Танирберген