Қоғам

Жыл басынан бері өңірімізде орын алған 379 өрт оқиғасынан 21 адамның өмірі қиылды

Төтенше жағдай орын алған жерге 3-ші өрт сөндіру бөлімінің мамандары жеткенше, қызыл жалынды басуға көршілер атсалысқан. Ал баспана қожайындары бұл кезде үйлерінде болмапты. Оған қоса құтқарушылар тұрғын жайдан газ баллонын дер кезінде алып шықты.

ТЖД-нің мәліметінше, 18 шаршы метрді күйік шалған. Мамандардың ширақ қимылының арқасында өрт шығынын азайту мүмкін болды. Өйткені, тілсіз жау қарқын алса, жақын маңдағы үйлерге де қауіп төнер еді. Қуанышқа орай, одан жапа шеккен адам жоқ. Оттың қайдан шықаны қазір анықталуда. Осы тұста статистикадан қысқаша хабар берсек. Жыл басынан бері өңірімізде 379 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау 21 адамның өмірін қиды. Оның біреуі бала болатын. Қызыл жалынның құрсауынан 32 жан құтқарылып, 700-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылған.

Берік Қасен