МТРА жаңалықтары

СҚО жыл басынан 14 адам суға кеткен

Бір тәулікте мұнда шамамен 10 мың адам келеді екен. Төтенше жағдай да жиі орын алып тұрады . Мәселен, жағалаудағы кезекші құтқарушылар 24 сағат ішінде 3-4 адамды ажалдан аман қалтырады екен. Осы ретте жергілікті мамандар тұрғындарды суда масаң күйде шомылмауға шақырады. Себебі оның арты соқпақты болуы мүмкін.

Бұл демалушылардың қауіпсіздігі үшін арналған шара. Яғни, жай ғана көрсетілім. Алкогольді өнімді тұтынған кез келген жан осындай оқыс жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан ТДЖ-нің қызметкерлері жерлестерімізге суда абай болуды ескертеді.

 

 

Виктор Держанский – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары:


–  Біз әр демалыс күндері түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Өйткені әр адам суда жүзудің ережелерін білулері қажет. Әсіресе, балалар. Ағымдағы жылы құтқарушылар 14 жасөспірімді ажалдан аман алып қалды. Жағалауға келгенде ата-аналар өз бүлдіршіндерін көзден таса қылмауы керек. Сонымен қатар, биыл суға кеткендер саны да артып отыр. Олардың дені – балықшылар.

Жалпы жыл басынан өңірімізде суда жүзу кезінде 14 адам қаза тапқан.
Ал құтқарылғандар саны – 37.

–  Арнай белгілер бар ғой. Сол жерден аспау керек. Малту білмесең ортаға барудың қажеті жоқ.


–  Мен мұнда немереммен келдім. Оған алдымен қауіпсіздік туралы ескерттім. Алысқа кетпеуді, суда абай болуды айтып отырамын.


 

Айгерим Ержанова