Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысымен танысты

Бүгін сорғы станциясының жұмысымен танысуға облыс әкімі Ерік Сұлтанов келді. Нысан қолданысқа өткен жылдың желтоқсанында тапсырылған. Құрылысшылар желілерді учаскенің шекарасына дейін жеткізген. Тіршілік көзін үйге тарту үшін ауылдықтар шамамен 30 мың теңгесін шығындайды.

Бахыт Ілиясов – Қызылжар аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:


– .Қазір елді-мекендегі барлық үйге су тартылған. Енді олар тіршілік көзін қысы жазы пайдалана алады. Бұрындары тұрғындар ескі су тартқышты қолданды. Ол тек ауылдың 50 пайызын ғана сумен қамтитын.

Жалпы Подгорное елді-мекеніне 123 үй бар. Мұнда 450-ден астам адам тұрады. Енді су барлық үйде бар. Тіршілік көзі үшін тұрғындар арнайы тариф бойынша төлейтін болады.

Хазиахмет Әлжапаров – Подгорное селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Қазір әр үйде су бар. Оңды болды. Әсіресе, қарияларға жақсы.

2014-2015-ші жылдары қызылжарлықтар “Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында осындай жобаларды 9 елді-мекенде іске асырған. Бүгінде 13 селода су құрылысы салынып жатыр. Негізгі жұмыстар 2016-шы жылдың соңында аяқталмақ. Сапалы ауыз су бар, ауылда мал жайылымы жеткілікті. Сол себепті Ерік Сұлтанов мал шаруашылығын дамытуға ден қою керектігін атап өтіп, Подгорноеда жолдардың да салынатындығын жеткізді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 3 миллиона по госпрограмме выделено. Ваш район много проектов дал, будем делать дороги.

Бұл Бәйтерек ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп. Мұнда қазір ішкі әрлеу мен аумағын аббаттандыру жұмыстары жүруде жатыр. Ал, қайта жаңғыртылып жатқан Петропавл халықаралық әуежайы танымастай өзгерген. Жөндеу жұмыстарына «ЭнергоТехноСервис» компаниясы маусымның 20 білек сыбана кіріскен. Бүгінде істің үштен бір бөлігі тындырылған.

Андрей Максимов – «ЭнергоТехноСервис» ЖШС прорабы:

– Біз демонтаж жұмыстарын аяқтадық. Енді қайта жаңғырту шараларына ауыстық. Сонымен қатар ұшақтар қонатын алаң да жаңартылуда. Қазір мұнда 50 адам еңбектеніп жатыр. Әуежайды қолданысқа желтоқсан айында тапсырамыз деп отырмыз.

Аймақ басшысы құрылыста істің қалай жүріп жатқандығын сұрастырып білді. Жұмысқа қарқын қосу қажеттігін тапсырып, сапасына ден қою керектігін жеткізді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Барлығын кезең-кезеңмен жасау керек.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы құрылысы жүріп жатқан нысандарға да соқты. Береке шағын ауданында бірнеше көпқабатты үй тұрғызылып жатыр. Аймақ басшысы мердігерлерге жұмысқа қарқын қосу қажеттігін айтты. Шіркеу салумен айналысып жатқан мердігердің ісіне Ерік Сұлтанов оң бағасын берді. Бұдан соң облыс әкімі Юбилейный шағын ауданындағы жұмыстармен танысты. Қизатов көшесі 9 В мекен жайындағы үй қайта жаңғыртылып жатыр. Қизатов пен Семашко көшелерінің қиылысындағы екі көпқабатты тұрғын үй “Қазақстан ипотекалық компаниясының” желісі арқылы салынуда. Оның біреуі 72 ал екіншісі 126 пәтерлі екен. Қос ғимаратты мердігерлер тамыздың 20-на дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жақын маңда 126 пәтерлі тағы бір үйдің қабырғасы қаланып жатыр. Жұмысты “Основание” фирмасы тындыруда. Іс-сапарының соңында Ерік Сұлтанов Жамбыл және Ғабит Мүсірепов көшелерінің қиылысында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан жатақханаға соқты. Бұл жобаны “Севказэнерго” компаниясы іске асыруда.

Жатақхана тұрғындары мұнда үстіміздегі жылдың соңына дейін қоныс аударады. Мұнда баспанадан тек аз қамтылған отбасылар мен «СевКазЭнерго» компаниясының жұмысшылары дәмелі.

Риат Шони