Әр түрлі

Елбасының белсенді бастамалары Қазақстанды алға жетелеуде

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ та Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға аяқ басып, әлемдік аренада өзінің лайықты орнын ала білді. Бүгінде Қазақстан үйренуші мемлекеттен үйретушіге айналды. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен белсенді бастамаларының арқасында дейді теріскейлік жастар.

Мұса Танақұлов – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер НАТО сынды әскери ұйымдарға мүше болуға талпынуда. Бірақ, біздің ел басқа жолды, яғни бейбітшілік келісімді таңдады. Бүгінде Елбасымыз көптеген одақтармен, нақтырақ айтсақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық, Шанхай Ынтымақтастық ұйымдарымен әріптестікті нығайту мақсатында бірқатар жұмыстар атқаруда.

 

Риат Шони