Әр түрлі

Бейнелеу өнері мұражайында “Шағын жауһарлар. Атамекен” атты көрме өтті

Асылжан Қазбек – суретші:

– Коллажды жасау өте қиын болды. Мен осы жұмыста бір жұма істедім. Маған мұалімім де көмектесті. Маған Әбілхан Қастеевтің суреттері ұнайды. Бала кезімде анам оның суреттерін көрсететін. Және менде суретші болайын деп өнер мектебіне келдім.

Көрмеде Ә.Қастеев, А.Черкаскийдің, Ә.Ысмайыловтың және сол сынды белгілі қылқалам шеберлері орындаған шығармалардың түпнұсқасы қойылған. Ал олардың көшірмелерін қаладағы көркемөнер мектептерінің тәрбиеленушілері бейнелепті.

Елена Царева – Көркемсурет лицейі директорының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары:

– Осы шарада біз балаларды еліміздің белгілі суретшілерінің өнерімен таныстырып, бейнелеу өнерін насихаттауға тырыстық. Олардың сурет салуға деген қызығушылығын арттырғымыз келді. Біз оларға өздері қалаған туындының көшірмесін жасауды тапсырдық. Олар суреттерді бірнеше әдіс арқылы бейнеледі. Мұнда 9 бен 14 жас аралығындағы жеткіншектердің жұмыстары қойылды.

Аталмыш көрме қыркүйек айына дейін жалғасады.

 

Тоғжан Ақмағамбетова