Құқық қорғау органдары

Петропавлда таксимен қару тасымалдаған 37 жастағы қала тұрғыны қолға түсті

Нәтижесінде полицейлер қала ішінде қатынайтын барлық көліктерді тексерген. Осылайша, айналма жолдың бойында күдікке іліккен машина тоқтатылады.

Күдікті:

– Окуда взяли?

– Нашел.

– Где?

– Да это давно было, я еще в ДСР жил. Хотел выкинуть.

– Где патроны?

– Нету патронов.

– Ну, вот два было, что в пакете нашел, хотел выкинуть.

Полиция қызметкерлері ұстаған күдікті – 37 жаста. Жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткі қабылдап алғаны белгілі болған.

Танат Кішкентаев – Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің батальон командирі

– Рейдтік шаралар барысында “Лада” автокөлігі тоқтатылды. Күдікті қолға түсті. Сөмкені тексеру кезінде шолақ мылтық шықты. Оқиға орнына жедел іздестіру тобы шақырылды.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кеткен жөн, жыл басынан тәртіп сақшылары 300-ден астам қару-жарақ тәркілеген. Оның 264-ін солтүстікқазақстандықтар өз еркімен тапсырған.

Тоғжан Ақмағамбетова.