Әр түрлі

Тамыз айының орташа айлық температурасы 18 градустың маңайында болады

Биылғы жаз теріскейліктерді жайма-шуақ күндермен соншалықты қуанта қоймады. Тамыз айында да жағажайларда жақсы дем алып, күн шуағына қыздырынудың реті болмайын деп тұр. Ойлай дейтінім, үстіміздегі айда ауаның орташа айлық температурасы +17 градус шамасында болады.

Аслан Қажырақымов – ҚР Энергетика министрлігінің “Қазгидромет” ШЖҚ РМК СҚО бойынша филиалының инженер-синоптигі:


–  Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30 градусқа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында сынап бағанасы кей жерлерде +23 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстікқазақстандықтарды жаздың соңғы айының екінші онкүндігі қуантпайды. Тамыздың 10 мен 20-сы аралығында ауа температурасы күндіз 15 пен 26 градус арасында құбылып тұрады. Оған қоса кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққын желдің екпінн секундына 20 м/с ке дейін күшейуі мүмкін.

Аслан Қажырақымов – ҚР Энергетика министрлігінің “Қазгидромет” ШЖҚ РМК СҚО бойынша филиалының инженер-синоптигі:

 

– Үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде 13-18 градус жылы, күндіз 24-29 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды. Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшерден көп күтіледі.

Синоптиктердің көпжылдық бақылауы бойынша тамыз айындағы ең жоғарғы температура 1952 жылы байқалыпты. Ол жолы сынап бағанасы 38 градусқа дейін көтерілген. Ал осыдан 45 жыл бұрын ауа температурасы минус 0,5 градусқа дейін төмендепті.

Берік Қасен