Әр түрлі

2-ші тамыз – Әуе десанты әскерінің мерекесі

Дәл осы жылы Әуе күштерін оқыту барысында Ворониж Мәскеу әскери округының құрамындағы 12 адамнан тұратын десант бөлімшесі парашютпен жерге түсірілген. Сол уақыттан бастап «Десант күні» мерекесі аталып жүр.
Биыл бұл мейрамның тойланып жатқанына 86 жыл толып отыр. Дәл қазір солтүстікқазақстандық десантшылар мінген ондаған көлік «Алтын күз» жазғы демалыс және еңбек лагеріне беттеуде.

Көк түсті берет пен жолақты жейде киген олар мерекелік көңіл-күйлерімен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен бөлісуді жөн санапты. Мұндағы демалушыларға десанттар жеміс жидектер мен тәтті-дәмдінің түр-түрін әкелген. Ал басты сый балғындар үшін мына әскери жаттығулар көрсетілімі болды.

Олег Сизов – СҚО «Десантниктер Одағының» белсендісі:


–  Десантшылар күні біз алғаш рет қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отырмыз. Бұл жақсы бастаманы алдағы уақытта дәстүрге айналдырмақпыз. Өйткені мұндағы әр бала махаббатқа бөленуі қажет. Сол себепті біз өз мейрамымызда оларды сәл де болсын қуантқымыз келді.

«Кө­гіл­дір берет» иелері бұрыннан қалыптасқан дәстүрге құрметпен қарап, Әуе десанттарының гимнін де бір адамдай орындап шықты. Бұл әннің сөздерін мен мәңгілік жадымда сақтап қаламын дейді десант Асқар Қапезов.

Асқар Қапезов – СҚО «Десантниктер Одағының» белсендісі:

– Мен 2004-2006-шы жылдары Алматы облысының Қапшағай қаласында әскери борышымды өтедім. Көк берет пен жолақты жейде берілген күн әлі есімде. Бұл мен үшін ерлік пен абыройдың белгісі іспеттес. Десантшы болу – менің бала кезгі арманым еді. Барлық әуе әскерлерін мерекелерімен құттықтаймын.

Шара барысында «Саланг» әскери-патриоттық клубының мүшелері мұндағы балаларды өз қатарларына қосылуға шақырды. Арасында әскери адам болғысы келетіндер де табылып жатты.

Жасұлан Бегіман:

– Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі.

– Мен болашақта Әуе десанты болуды армандаймын. Әрбір ер-азамат елі мен жерін қорғауы керек. Бұл – біздің міндет.

Вера Григорьева:

– Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі.

 

– Барлық десантшыларды төл мерекелерімен құттықтаймын. Денсаулықтары мықты болсын. Бізге керемет мейрам сыйлап жатқандарына рахмет.

Айту керек, бүгінде біздің еліміздің “Қанатты гвардиясы” қатарында 20 мыңнан астам десантшы бар.

Айгерим Ержанова