Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері Петропавлда заңсыз айналымнан 133 келі түрлі есірткі заты тәркіленді

– Обратите внимание, господа понятые! Видим рабочую перчатку, которая находилась в кармашке двери, с водительской стороны. Внутри находятся полиэтиленовые свертки с комкообразным веществом.

Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері сот-химиялық сараптама жасап, тәркіленген ұнтақтың шынымен героин екендігі анықтады.

Аманжол Тулебаев – Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі:

– Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталғандардың екеуі де түйдей құрдас. 34 жастағы азаматтар Петропавл қаласының тұрғыны екен. Күдіктілер бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін істі болыпты.
Жыл басынан қалалық ІІБ-ң заңсыз айналымнан 133 келі түрлі есірткі заты тәркіленді. Оның 1 келі 536 гармы героин.

Берік Қасен