Бизнес және экономика

Жаңадан 2 естелік монета айналымға шықты

“Әбілқайыр хан” деп аталатын ескелік тиынның номиналдық құны 500 теңге. Монета 4 мың таралыммен шығарылып отыр. Оның басты бетінде Әбілқайыр ханның портреті, ал келесі жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Бұл сөлкебайлар екі металдан жасалған.

Ескендір Сүлейменов- “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:

– Бұл монета күмістен жасалған.925 сынамадан. Оның салмағы- 31,1 грамм. Монетаның сатылу бағасы – 10 300 теңге. Сонымен қатар, бұл монета алтыннан жасалған. 999 сынамадан. Салмағы – 7,78 грамм. Сатылу бағасы – 118 400 теңге.

Ұлттық банк айналымға ұсынып отырған келесі монета – «Шығыс күнтізбесі» сериясына арналған «Тауық жылы» естелік сөлкебайлар. Ол алтын және күміс металдардан құйылған. Алтын тиын – 1 мың, ал күміс монета – 3 мың таралыммен шығарылыпты.

Ескендір Сүлейменов- “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ маманы:


– Бұл монета 2017 жылдың белгісі. Бұл монеталар екі металдан жасалған. Күміс монетасы 925 сынамнан жасалған. Оның салмағы- 31,1 грамм боп келеді. Алтыннан жасалған монета. Оның салмағы- 7,78 грамм. Сынамы- 999.

Бұл монеталарды еліміздегі Ұлттық Банктің филиалдарынан сатып алуға болады.

Тоғжан Ақмағамбетова