Әр түрлі

СҚО саңырауқұлақ теруші азаматты іздестіру жұмыстары жалғасуда

Ол үшін 150-ге жуық петропавлдық жұмылдырылған. Оның дені еріктілер. Сонымен қатар, ТЖД-нің офицерлері мен орман шаруашылығы басқармасы және жергілікті полиция қызметінің мамандарынан құралған мобильді штаб жасақталды. Қазір із-түссіз жоғалған азаматты орман мен даладан және Есіл өзенінің жағалауынан 7 топ іздестіру үстінде. Олар бір-бірімен райдиобайланыс арқылы сөйлесіп, ақпарат алмасып тұрады. Жалпы бұл жұмыстар басталғалы іздеуші топтар 209 шаршы км аумақты тінтіп шыққан.
Еске сала кетейік, бұл оқиға өңірімізде 24-ші маусым күні орын алған. Сол күні жоғалған азаматтың үстінде көк түсті күрте мен футболка, қара трико мен галош аяқ киім болыпты. Ерекше белгілері – шашы қысқа, қолдарының бірнеше саусақтары кесілген. Егер де біреулер бұл азамат туралы ақпарат естіп-білсе бірден 102 нөміріне хабарласуын өтінеміз.

Айгерим Ержанова