Әр түрлі

ҚР Ұлттық Ұлан 6637 әскери бөлімінде ерлік сабағы өтті

Лаңкестердің арам әрекетіне тойтарыс береміз деп әскери қызметкерлер мен тәртіп сақшылары қапияда қаза тапты. Олардың өшпес ерлігі қазіргі таңда Отан алдында азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаздарға үлгі тұтарлық өнеге.

Савердин Имиров – ҚР ҰҰ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бас басқарма бастығы:

– Бұл ерлік сабағын сарбаздар батырларды білсін, үлгі алсын деп өткізіп отырмыз. Себебі оларда қатардағы жауынгерлер болды.

Залға жиналған сарбаздарға ең әуелі елімізде орын алған соңғы террористік актілер жайлы бейнематериал көрсетілді. Ақтөбедегі қанды оқиғада лаңкестердің бір тобы Ұлттық Ұлан 6655 әскери бөліміне шабуыл жасап, қару-жарақ сақталған қойманы жаулап алмақшы болған еді. Алайда бұл әрекеттеріне қатардағы сарбаздар мен офицерлер жол бермей, өз өмірлерін қия отыра содырларды тоқтатқан. Сол әскери бөлім сарбаздарының үндеуі бүгін қатардағы жауынгерлерге көрсетілді.

Отанды қорғау даңқты іс. Мұны ерлік сабағына қатысқан әрбір жауынгер біледі. Осы шараның арқасында үйренеріміз көп дейді олар.

Айдос Төлегенов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің жауынгері:


–  Бұл ерлік сабағынан біз үлгі алдық. Отан үшін әрқашанда соңына дейін күресу қажет.

Жалпы Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған қанды қырығынның кесірінен 11 адам қаза тапты. Оның үшеуі әскери қызметкер, төртеуі тәртіп сақшысы болса, қалған төртеуі бейбіт тұрғындар.

 

Риат Шони