Спорт

Петропавлдық командалардың ойыны

Тартысты өткен матчта жеңімпаз анықталмады. 90 минут бойы қос команда ойыншылары бір-бірінің қақпаларына доп дарыта алмай, 0-0 есебімен тарқасты. Енді, 17-ші турдың қорытындысы бойынша теріскейліктер тірнирлік кестеде 33 ұпаймен екінші орында тұрақтап тұр.
Ал кезекті маусымға әзірленіп жатқан хоккейшілеріміз кеше жеңіліс тапты. Александр Винокуров атындағы спорт сарайында петропавлдықтар “Алматы” командасымен жолдастық кездесу өткізіп, есе жіберіп алды. Бұл кездесуде “Құлагерліктерден” Дамир Рамазанов пен Руслан Журня көзге түссе, қонақтар сапында Рамазан Алдамжаров, Илья СтепИчев және де Александр Егоров ерекшеленді. Қорытынды есеп 2-3, алматылықтардың пайдасына шешілді. Қарымта ойын бүгін кешкі сағат 19-00-де Александр Винокуров атындағы спорт сарайында басталып кетті.

 

Риат Шони