Қайырымдылық

Петропавлда “Күшіміз-бірлікте” шарасы жалғасуда

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Жыл басынан біз 5-6 адамға барып, көмектестік. Қысқы уақытта біздің белсенділер үй төбесіндегі қарды түсіріп, ауланы жиыстырады. Ал жазда бақтағы шөптерді жұлып, тазартады.

Бұл жолы бір топ қыз-жігіттер облыс орталығында тұратын 98 жастағы Иван Луневтің үйіне келіпті. Қария жалғыз қызымен тұрады. Бірақ, ол күні бойы жұмыста. Сондықтан, жастар соғыс ардагеріне келіп, қолғабыс етуде. Ал Иван Григорьев болса, өскелең ұрпаққа өзінің өмір жолы жайлы әңгіме өрбітуде.

Иван Лунев – Ұлы Отан соғысының ардагері:

 


–  Мен соғыс жылдарында Берлинде болдым. Үлкенге құрмет көрсететін жастарға рахмет. Бұл балалар маған жиі келіп тұрады. Қыста ауладағы қарымды тазартып береді. Мен оларға өз көрген-білгенімді әңгімелеп отырамын. Олар – бақытты ұрпақ. Бейбіт заманда өмір сүріп жатыр. Соны бағалай білулері керек.

Жалпы жыл соңына дейін жасотандықтар 16 ардагерге көмек қолын созбақ ниетте.

Айгерим Ержанова