Спорт

Алексей Луценко жарақатына байланысты Рио Олимпиадасына бармайды

Тамыздың 5-і күні жалауын желбірететін жаһандық жарыс – Рио Олимпиадасына велошабандоз Алексей Луценко бармайды. Петропавлдық спортшы төртжылдықтың басты бәсекесі алдында Францияда соңғы дайындықтарын пысықтап жатқанда, автокөлікке соқтығысып қалып, табанын жарақаттап алды. Әлем және Азия чемпионы Алексей Луценкоға дәрігерлер физикалық ауыртпалық жасауға үш аптадай тыйым салды. Енді, ұлттық құраманың үздігін Олимпиадада “Astana pro team” командасының тағы бір мүшесі Андрей Зейц алмастыратын болады. Бұдан бөлек ел намысын байрақты додада тағы екі солтүстікқазақстандық велошабандоз Бақтияр Қожатаев пен Артем Захаров қорғайтын болады.

Риат Шони