Бизнес және экономика

СҚО-да әрбір үшінші әйел кәсіпорын басқарады

Өңірімізде әрбір үшінші әйел кәсіпорын басқарады екен. Мәселен, облысымызда 6 мыңнан астам мекеме бар болса, соның 1 800-ден астамына келіншектер жетекшілік етеді. Олар басқаратын мекемедегі жұмысшылардың саны 100 адамнан – 300-ге жуықтайды. Нәзік жандылардың басым көпшілігі білім беру саласында жүр. Бұл 63,9 пайызды құрайды. Сондай-ақ, әйелдердің біразы жылжымайтын мүлік операциялары, қаржылық және сақтандырумен айналысады. Өнер ордалары мен демалыс және ойын-сауық орындарының біразына әйелдер жетекшілік етеді.

Берік Қасен