Бизнес және экономика

Өңір кәсіпкерлеріне танымдық сайттар туралы ақпарат берілді

Кәсіпті жүргізуге арналған портал арқылы бизнес-қауымдастық өкілдері қаласа түрлі консультациялар алып, өз өнімін нарықта өткізу әдістерін үйренеді. Бірақ бұл қызмет ақылы екен.

Әскер Башеев – “BenchMark Consulting”ЖШС бас директоры, Астана қаласы:

– Кәсіпкерлер тұғырнамадан өздерін толғандырған сұрақтың барлық жауабын таба алады. Даму қоры бизнесмендерге бағыт-бағдар берсе, ал біз жетістікке жетудің әдіс-тәсілдерін теория жүзінде үйретеміз.

Елордалықтар өткізген семинарға Ақжар ауданының кәсіпкері Ғомар Нұршәріпов те қатысты. Ол осындай танымдық шаралардан қалмаймын дейді.

Ғомар Нұршәріпов – жеке кәсіпкер, Ақжар ауданы:


– Семинарда тұтынушылардың эмоциясына әсер ету амалдарын түсіндірді. Менің ойымша, қазіргі тұтынушыларды сапалы өніммен ғана қызықтыруға болады. Мен 1,5 жыл бұрын мал шаруашылығымен айналысуды бастады. Әзірге ет пен сүтті ешқайда сатып жатқан жоқпын.

Алдағы уақытта осыған ұқсас семинар еліміздің өзге де аймақтарында өткізілмек.

Берік Қасен