Мәдениет

Петропавлда “Салт-дәстүр” этномәдени фестивалі өтті

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:

– “Салт-дәстүр” этномәдени фестивалі жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл ел тәуелсіздігінің 25, облыстың 80 жылдығына арналып отыр.

“Салт-дәстүр” этномәдени фестиваліне қатысуға өңірдің 13 ауданы толығымен келген. Бүгінгі көрмеде өз үстеліне түрлі бұйымдарды жайып тастағандардың бірі Аққайың ауданының “Шаңырақ” қазақ этномәдени бірлестігі. Олар фестивальге тыңғылықты дайындалған. Барлық бұйымдарды бірлестік мүшелері өз қолдарымен әзірлепті.

Сәуле Касимова – “Шаңырақ” қазақ этномәдени бірлестігінің мүшесі, Аққайың ауданы:

– Көрмеге өз қолымызбен әзірлеген бұйымдарды әкеліп отырмыз. Сахнада баланы бесікке салу рәсімін көрсетеміз.

Ата-бабамыздың әдет-ғұрпын дәріптеген “Шаңырақ” қазақ этномәдени бірлестігі сахнада баланы бесікке салу рәсімін көрсетті.

Бүгін түрлі халықтың салт-дәстүрін паш еткен этномәдени бірлестіктердің өнерін қазылар алқасы бағалайды. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталады. Жалпы бейбіт аспан астында тату-тәтті өмір сүріп, бірлігі жарасқан халықтың бүгінгі көңіл-күйі шат-шадыман болды.

Аспанамыз ашық болсын. Осылай бейбіт өмір кеше берейік:

– Барлығына бейбітшілік, тату-тәтті өмір тілеймін. Бірлігіміз жарасып, ашық аспан астында ойнап күле берейік.

 

Риат Шони