Балалар

Мамлют ауданындағы “Ұшқын” сауықтыру лагерінің жағдайымен облыстық ҚХА мүшелері танысты

Александр Шапаров – “Ұшқын” сауықтыру лагерінің аға тәлімгері, Мамлют ауданы:

– Қазір лагерьде “Виртуалды шындық” деген атаумен 4-ші ауысым өтіп жатыр. Мұнда біз балалардың қолындағы түрлі гаджет, смартфондарды пайдаланып, ойындар ойнаймыз. Пайдасын да, зиянын да түсіндіреміз. Сондай-ақ, спорттық сайыстар да бар. Ауысым 10 күнге жалғасады. Оның қорытындысы бойынша үздік жасақты анықтайтын боламыз.

Лагерьде 6 корпус және бір ойын бөлмесі бар. Биыл мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Орталықтандырылған су тарату желісі қосылып, жалпы балалардың жақсы демалуына барлық жағдай жасалып отыр.

Асыл Абдықасымова – Бексейіт орта мектебінің оқушысы, Мамлют ауданы:

– Бұл лагерьде демалып жүргенімен 8 жыл болды. Мұнда өзіме жаңа достар таптым. Барлығы жақсы.

Бұл жолы “Ұшқын” сауықтыру лагеріне қонаққа Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері келді. Меймандар балалармен әңгіме-дүкен құрып, халықтың тату болуының маңызын түсіндірді.

Рашид Надиров – СҚО бойынша “Барбанг” күрдтер этномәдени орталығының төрағасы:

– Бүгін біз балалармен кездестік. Ассамблеяның жұмысымен таныстырдық.

Кездесу соңында Ассамблея мүшелері лагерьде демалушы балаларға арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

 

Риат Шони