ТКШ

Биыл қаладағы ескі ағаштарды кесуге бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінген

Богдан Рыхликов – қала тұрғыны:

– Көршілеріміз қалалық әкімдікке шағымданған болатын. Бірақ, ешкім келген жоқ. Біз бұл жермен жүруге қорқамыз. Өйткені, бірер күн бұрын менің жолдасымның үстіне ағаш құлай жаздады.

Біздің түсіру тобымыз қалалық әкімдікке хабарласқаннан кейін ғана түп-тамырымен қопарылған ағашты жинап тастады. Міне, қазір коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері Парк көшесін жинастырып жатыр.

Саят Омаров – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы:

– Жалпы қаусаған ағаштарды кесуге байланысты 417 өтініш түсті. Біз барлық жұмыстарды жоспар бойынша орындаймыз. Ең бірінші есептік кездесулердегі өтініштер ескеріледі. Алдымен біз тиісті ағаштарды аралап, оны келесі күні алып кетеміз.

Биыл облыс орталығындағы ескі, сынған ағаштарды кесіп және оны сыртқа шығару жұмыстарына қалалық бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінген екен.

 

Тоғжан Ақмағамбетова