Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аймағымызда Кәсіпкерлікті қолдау картасының 2-ші бесжылдығына енгізілген 41 жобаның тең жартысы орындалды

Себебі, маңызды жобалар сәтімен жүзеге асырылса, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өсім көрсеткіштері жоғарылайды және импорттық тауарлардың үлесін біртіндеп азайтуға мүмкіндік бар. Сонымен, былтырдан бері өңірлік кәсіпкерлікті қолдау Картасының 2-ші бесжылдығына енгізілген 41 жобаның тең жартысы бүгінде орындалыпты.

Жеңіс Асанов – СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Жыл басынан бері өңірімізде 7 жоба жүзеге асты. Соның бірқатарын атап айтсақ, көліктің тозған шиналарын қайта кәдеге жарататын зауыт, жылдам әзiрленетiн тағамдар фабрикасы, сүтті терең өңдеу және пиролизді ұзақ жанатын қазандық өндірісі іске қосылды. Сондай-ақ, Елбасының рұқсатымен жергілікті зауыттарда финдік “Sамpо Аsіа” комбайндары және ресейлік “К-704” тракторлары құрастырыла бастады.

Осылайша, 10 жылда ауылшаруашылығындағы машина-техника паркі жаңартылмақшы, Онымен қоса, ішкі нарықты шетелдік баламаларынан кем түспейтін жоғары өнімді, пайдалануға ыңғайлы техникамен қамтамасыз етіп, біртіндеп импорттық тауарлардың үлесін азайтуға басымдық бермек.
Еске салайық, аймақтық кәсіпкерлікті қолдау Картасының 2-ші бесжылдығы былтыр бастау алған. Содан бері облыс аумағында 22 зауыт ашылыпты. Жыл соңына дейін оның қатарын тағы бес жоба толықтырмақшы.

Жеңіс Асанов – СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Кәсіпкерлікті қолдау картасының 2-ші бесжылдығы аясында Тайынша ауданында майлы дақылдарды терең өңдейтін екі бірдей зауыт іске қосылады. Нәтижесінде 400-ден астам адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпорында өндірілген өнімнің көбі Қытай еліне экспортталмақ. Ал Ғ.Мүсірепов ауданында дәнді дақылдарды терең өңдейтін зауыт салынып, 400 адам екі қолға бір күрек табады.

Келешекте Петропавлда көлік-логистикалық орталығы салынып, 400 адам жұмысқа алынбақ.


Берік Қасен