Әр түрлі

СҚО-да саңыруқұлақ теруге шыққан ер азамат жоғалып кетті

Валерия Маркс, “Виктория” еріктілер жасағының жетекшісі:

– Біздің топта түрлі салада қызмет еттін азаматтар бар. Ортақ мақсатымыз -адамдарға көмектесу. Еріктілер тобы осы жазда құрылды.

Олар село маңын жаяу жүріп тінткен. Жолсыз жерлердегі кедергіден өту үшін “4х4” джип иелері клубы көмекке келген. Қазір 80 адам ізім-ғайып жоғалған азаматты іздестіру үстінде.

Тілеген Әлжанов, Қызылжар аудандық ІІБ бастығының орынбасары:

– Бұл адам егде жаста. Әрі сырқат екен. Сондықтан, бір жерде басы айналып құлап қалуы мүмкін деген болжам бар. Қазір күн райы жақсы. Жоғалған адамды табуға зор мүмкіндіктер беріп тұр. Өкініштісі, өткен екі күн бойы қатты жаңбыр жауды. Іздің барлығы суып үлгерді.

Саңырауқұлақ терем деп жоғалған азаматты кинологтар да іздеп жатыр. Бірақ, олардың жұмысында да нәтиже жоқ. Себебі, иттердің ізге түсуі үшін арадағы уақыт бір тәуліктен аспауы тиіс. Ал Николай Дедюктің жоғалғанына 3 күн өткен.

Алексей Калиниченко, кинолог:

– Иттерде көру, есту қабілеті жақсы дамыған. Адамға қарағанда қырағы. Сондықтан, орманда біз байқамай өтіп кеткен нәрсені, бірден сезіп тауып беруі мүмкін. Барлық іздің өшіп қалуына байланысты, тек осыған ғана сенім арта аламыз.

Николай Дидюк қолына жасыл шелек ұстап, қара түсті жейде мен шалбар киген. Бойы -165 см. Дәл осы белгілері бар ер азаматты өткен демалыс күндері Гончарево селосының тұрғындары көрген.

 

Акбопе Танирберген