Жақсылық Елеуке – “Радуга” ЖШС жылдам әзiрленетiн тағамдар фабрикасы өндiрiсiнiң операторы:
– Мен ұнтақталған жүгеріге табиғи таза дәндерді қосып, пешке жіберемін. Пештен шыққаннан кейін жүгері ұнтағына қант, какао, сұйық май, карамельдің қосындысынан әзірленген сироптар қосылып, дайын қауыздар шығарылады. Осы фирмада істеп жатқаныма 8 жыл болды. Жұмысым ұнайды, жалақы да төмен деп айтпаймын.
Айналдырған бір жылдың ішінде мұндағылар құрғақ таңғы ас пен түрлi қауыздардың аталымын 40-қа жеткізіп, өндіріс қуаттылығын 60 пайызға артырыпты.
Ботагөз Құлданова – “Радуга” ЖШС жылдам әзiрленетiн тағамдар фабрикасы өндiрiсiнiң директоры:
– Жылдам дайындалатын тағам түрлерiнiнiң сапасы жақсы. Бiздiң өнiм табиғи – 65 пайыз отандық шикiзаттан әзiрленедi. Балаларға қорықпай беруге болады. Өнiмдердi чипсы сияқты майға қуырмаймыз. Жүгерiнiң қауызы калориясыз, диеталық, микроэлементтер мен дәрумендерге бай. Оны жасауда экструзиялық технолигияны пайдаланамыз. Ол жүгерiнiң қауызындағы пайдалы элементтер мен дәрумендердi бiраз уақытқа сақтауға мүмкiндiк бередi. Өнiмдерiмiз 4 айға дейiн жарамды.
Мұндай өнiм бұрын республикамызда шығарылмаған. “Радуга” серіктестігі бүгінде сапалы өнiммен ел нарығын қамтып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті тауарды Ресейдің бірқатар қаласына экспорттауда.
Ботагөз Құлданова – “Радуга” ЖШС жылдам әзiрленетiн тағамдар фабрикасы өндiрiсiнiң директоры:
– “Радуга” ЖШС-нiң Қазақстан бойынша 12 филиалы бар. Сондықтан, тауарымызды ел нарығына шығаруға еш кедергi жоқ. Компания басшылығы бүгiнде Ресейдiң Омбы, Челябi, Қорған облыстарындағы сауда орындарымен тығыз әрiптестiк орнатты. Өнімімізді алдағы уақытта Новосібір және Екатеринбург қалаларына экспорттайтын боламыз.
Мұнда жүгерi таяқшалары мен қауыздан басқа тез дайындалатын сорпа, кисель, картоп езбесi қапталады. Келешекте аталмыш өнiмдердiң түрлерiн мұнағылар 50-ге жеткiзбекшi.
Берік Қасен