Құқық қорғау органдары

Петропавлда жас сарбаздар ант қабылдады

Осылайша, жас жігіттер 6637 әскери бөлімінің қатарын толықтырды. 22 жастағы Айдос Төлегенов Қызылордадағы жоғарғы оқу орнын тәмамдап, алғашқы әскери дайындық мамандығын меңгеріп шыққан. 12 ай борышын өтегеннен кейін де әскери салада еңбек еткім келеді дейді.

Айдос Төлегенов, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы:

– Мен Отан алдындағы борышымды ойдағыдай атқарып, осы салада еңбектенсем деймін. Одан кейінгі уақытта да еліме қызмет етуді жалғастырғым келеді.

Жалпы Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің міндетіне жазасын өтеушілерді оқшаулау мекемелерін күзету, облыс орталығының тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қадағалау жатады.

Архат Тәттімбетов, ҚҰ ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Жастар Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарынан сарбаздар шақыртылды.

Бүгінгі тамаша сәттің куәгері болып, ұлдарының амандығын білуге алыстан ата-аналары да келіпті. Олар Отан алдында қапысыз қызмет етіп жатқан балаларының орталарына аман оралуын қалайды.

Теріскей жерінде аталмыш әскери бөлімнің құрылғанына – 55 жыл. Мұнда жылына 500-ге жуық сарбаз әскери борышын өтейді.

 

Акбопе Танирберген