Көлік және жолдар

Петропавлдағы Партизан көшесін қалыпқа келтіруге 182 млн теңге бөлінді

Владимир Мочалов – “Дорожник Ашық аспан” ЖШС шебері:

– Қазан айының соңына дейін Егемен Қазақстан мен Пушкин көшесіне дейінгі аралықтағы Партизан көшесін орташа жөндеуден өткізбекпіз. 25 мың шаршы метрге жаңа жол қабаты төселеді, 7 мың 500 шаршы метр тротуарға орташа жөндеу жүргізіледі. Және жол жиектеріне ұзынша ашық суағарлар саламыз.

Қазан айында Партизан көшесінің бойында 8 жаңа автобус павилионы пайда болады. “Дорожник Ашық аспан” ЖШС бұдан басқа жол жиектеріне шөп отырғызып, Партизан мен Парк көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатпақшы.

Аян Қасымов – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор инспекторы:

– Биыл өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен Партизан көшесін толығымен жөндеу үшін облыс қазынасынан 182 млн теңге бөлінді. Жолдар стандартты әдіс бойынша жөнделуде. Барлық жұмыстар сапалы орындалады.

Бүгінде Батыр Баян көшесінде де жөндеу жұмыстары қарқын алған. Онда “Су-808” ЖШС-нің жұмысшылары еңбектенуде.

 

Берік Қасен