Әр түрлі

Пара алған үш солтүстіктақазақстандық шенеунікке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Олар: облыстық карантиндік зертхана басшысы Таласбаев, аграрлы кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Петропавл қалалық аумақтық инспекция басшысы Сәдуақасов және аграрлы кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекциясының бас маманы Усатенко.

Жоғарыда есімдері аталған шенеуніктер бір топ тұлғамен алдын ала келісіп, фитосанитарлық қорытынды бергені және голланд гүлдері мен тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімін импорттау бойынша кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін ЖШС-тің директорынан кезекті рет пара алған. Олардың барлығы оқиға орнында бірден қолға түсті. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қайрат Бейсембаев – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда қалалық соттың шешімімен Таласбаев пен Сәдуақасов екі айға қамауға алынды. Ал Усатенко ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Енді барлығының кінәлары дәлелденсе олар 6-дан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіледі.

 

Риат Шони