Құқық қорғау органдары

Теріскейлік тәртіп сақшылары Алматы қаласында террорлық акт кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алды

Кейін ескерткішке Ішкі істер органдарының ардагерлері гүл шоқтарын қойды. Кезінде құқық қорғау саласында қызмет еткен жандар ел тыныштығының ешқашан бұзылмауын қалайды.

Ерболат Әбдіқасымов – ішкі істер органдарының ардагері:

– Еліміздің тыныштығы кезінде болған мұндай өте ауыр тиді. Сондықтан мына артымызда келе жатқан інілеріміз, адам өмірін қорғайтын бауырларымыз болашақта осындай жағдайға жол бермейді деп білемін.

Айта кетейік, солүстікқазақстандық тәртіп сақшылары өздерінің бір күндік жалақыларын марқұмдардың жанұяларына жібермек. Ал, терорлық акт кезінде жараланған әріптестері үшін жергілікті полиция қызметкерлері қан тапсырады.

Наурызбек Исин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– Алматы қаласында қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына СҚО ІІД жеке құрамы атынан көңіл айтамыз. Бұл оқиғада көз жұмған тәртіп сақшылары өздерінің отансүйгіш, патриот екендіктерін дәлелдеді.

– 18-ші шілде күні Алматыны аяғынан тік тұрғызған бұл қанды қырғын барлық елімізді дүр сілкіндірді. Өкінішке қарай, осы бір оқиға кезінде 4 құқық қорғау қызметкері қаза тапты. Марқұмдардың денелері кеше жер қойнына тапсырылды.

 

Култанов Байболат