Құқық қорғау органдары

Петропавлда Мамандандырылған ХҚКО мен тәртіп сақшылары арасында меморандумға қол қойылды

Евгений Зубков – “Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы” РММ СҚОФ бөлім басшысы:

-Бүгінде біздің орталықта пилоттық жобалар да іске асуда. Мәселен, қазір еліміздің барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөліктерді қайта тіркеу жүргізіліп жатыр. Бұрындары бұл шара 2 сағатқа созылатын. Енді бұл жұмысты шамамен 1 сағат ішінде тындыруға болады.

Бұл жоба елімізде ағымдағы жылдың 6-шы маусымынан іске аса бастаған. Бүгінде пилоттық бағдарлама өзінің оң нәтижесін де беруде. Дегенмен, жаңашыл жүйенің әлі де жетілдіретін тұстары баршылық дейді жиынға қатысушылар.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихан жұмысы бөлімшесінің бастығы:

– Біз бұл жоба арқылы көлік сатуды жеңілдете аламыз. Әсіресе, айппұлы бар машиналарды. Мәселен, темір тұлпар иесі өзінің көлігін шұғыл түрде сатқысы келеді. Бірақ, мойнында борышы бар болғандықтан, ол құжатын рәсімдеу үшін екі аптасын сарп етеді. Ал біз бұл уақытта барынша қысқарта аламыз. Ол үшін онлайн рәсімдеуді ұсынып отырмыз.

Сонымен, жылдағы дәстүр бойынша орталық қызметкерлері мен тәртіп сақшылары арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қою сәті де келіп жетті.

Жиын соңында жемісті еңбектері үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен ІІД-нің бірнеше маманына алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.

Айгерим Ержанова