Құқық қорғау органдары

Өңірде жыл басынан бейнебақылау құралдарының көмегімен 96 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған

Бұл жайлы облыстық ішкі істер департаментінде өткен жиында өңірдің бас полицейі Берік Біләлов мәлімдеді. Жалпы, аймақтағы жағдайды үнемі назарда ұстау үшін Петропавл қаласы мен аудан орталықтарында 176 сыртқы бейнекамералар бар. Олардың 28-і биыл іске қосылыпты. Бейнебақылау құралдарының 8-і – Қызылжар ауданы, 2-уі – Айыртау және 6-уы Есіл мен Мамлют аудандарының орталықтарында жаңадан орнатылған.

Берик Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Тәртіп сақшыларының басты міндеті – қылмыстық оқиғаның ізін суытпай анықтау болып табылады. Бір тәуліктің ішінде құқыққорғаушы кем дегенде жасалған қылмыстың 8 пайызының бетін ашуы қажет. Біздің өңірдегі заңбұзушылықтардың жартысына астамы бейнекамералардың көмегімен анықталған.

 

Култанов Байболат