Құқық қорғау органдары

Жыл басынан Қызылжар ауданының Вагулино селолық округінде 5 қылмыстық іс пен 56 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген

Оның дені абаттандыру ережелерін бұзу мен қоғамдық орындарда мас күйде жүруге қатысты. Бұл ақпаратты учаскелік инспектор Руслан Қабдолов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлім еткен. Айта кетейік, Қызылжар ауданындағы Вагулино селолық округіне 5 елді мекен қарайды. Қазір онда 1600-ден астам адам тұрады.

 

Тогжан Акмагамбетова