Құқық қорғау органдары

Петропавлда полиция қызметінің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі дайындығы тексерілді

Саламат Оразбаев, СҚО ІІД жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері:

-Еңбегім еленгеніне қуаныштымын. Алдағы күндері де қызметімді абыроймен атқара бермекпін.

Бүгін М.Жұмабаев көшесінің бойына 150-ден астам ішкі құрам қызметкерлері сап түзеген. 47 күзет құрылымдарының және арнайы техника да қаз-қатар тұр. Облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов жергілікті полицияның теріскейліктердің тыныштығын күзетуге қаншалықты сақадай-сай екендігін байқады. Жасақтың формасынан бастап көліктің күйіне дейін қалыпқа сай болуы керек.

ІІД полиция кешендік күштерін жалпы гарнизондық жұмыс орындарына тарату шарасы әр ай сайын ұйымдастырылады.

 

Акбопе Танирберген