Балалар

Жұмысқа жаңадан орналасқан мемлекеттік қызметшілерге аймақтық семинар өткізілді

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-Жас мемлекеттік қызметшілерге этика кодексіндегі нормалардың сақталуы, жалпы мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар турасында ашық диалог жүргіземіз. Біздің департамент тек қана мемлекеттік органдарда ғана емес басқа да мекемелерде осындай жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Семинар барысында қызметіне биыл орналасқан 60 шақты маманға міндеттері мен құқықтары түсіндірілді. Себебі, әрбірінің жұмысы келешекте кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына әсерін тигізбей қоймайды. Мамандар білімді ұдайы жетілдіріп тұру үшін осындай семинардың пайдасы мол дейді.

Даниил Степанов – CҚО білім басқармасының бас маманы:

-Білім басқармасына қызметке орналасқаныма 10 ай болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Осындай семинарлардан қалмаймын. Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы біздің жұмысымызға тікелей баланысты. Сондықтан, өзіме артылған жауапкершілікті сезініп, білімімді ұдайы жетілдіріп тұрамын.

Жыл басынан бері конкурстардың қорытындысы бойынша өңіріміздегі мелекеттік органдарға барлығы 260 маман қабылданған.

Берік Қасен