Әр түрлі

Солтүстікқазақстандықтар мамонттың азуы мен жілік сүйегінің сынығын тапты

Сөйтіп, ауыл тұрғындарын шақырып, 12 метр тереңдіктен хайуанның сүйектерін шығарып алған. Артынша Петропавл және Көкшетаудағы мұражайшыларға хабарласыпты. Жергілікті археологтар ол сүйектер осыдан 10 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонтқа тиесілі екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Бұл өңірімізде табылған мамонттың алғашқы сүйегі емес. Осыдан 7 жыл бұрын ежелгі ірі жануардың сүйектері Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында табылған болатын.

Людмила Фельк, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:

-Табылған дүниенің мамонттың азу және жілік сүйектері екендігін анықтадық. Бұл мүшелер 12 метр тереңдіктен шығып отыр. Сүйектер қатты соққан жел мен судың салдарынан аздап мүжіле бастапты.

 

Айсулу Сергали