Бизнес және экономика

Петропавлда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде жиын өтті

Болат Палымбетов – Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл:

-Кәсіпкерлерден келіп түсетін өтініштердің 90%-ын жергілікті жерде шешуге болады. Сол себепті, біз Астанадан осында арнайы келдік. Мен өңірде қандай күрмеулі мәселе бар екенінен құлағдар болдым. Бұл тұрғыда сұрақтардың шешімін көппе созбай, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу қажет.

Жиында сөз алған “Атамекен” ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаметінің директоры Олег Савеленко бизнесмендердің құқықтарын қорғау жайлы ақпарат берді. Оның айтуынша, іскер азаматтардан келіп түсетін өтініштер прокурорлар арқылы қаралады екен. Мәселен, өткен жылы қадағалаушы орган өкілдері 170 прокурорлық ықпал ету актілерін енгізіп, 19 қылмыстық іс қозғаған. 39 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 8 шенеунік қызметтерінен босатылған.

Олег Савеленко – “Атамекен” ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаметінің директоры:

-Ұлттық палата мен прокуратура органдары арасында кәсіпкерлер құқығын қорғау жөнінде меморандумға қол қойылған. Кей кездері біз күрделі мәселелерді шешу үшін заңды өзгертуге өз ұсынысымызды жолдаймыз. Мәселен, біз үкіметке 1100 өтініш білдірдік. Оның 850-і қабылданды. Кейін осы өзгерістер арқылы қадағалаушы органдардың көмегімен кәсіпкерлерден келіп түскен сұрақтарды шештік.

Жиын соңында жергілікті бизнесмендер Болат Палымбетовке өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, тұшымды жауаптар ала алды. Жиыннан соң Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл теріскейлік іскер азаматтар үшін жеке қабылдау өткізді.

 

Култанов Байболат