Спорт

Өңірдің құқық қорғау органдары шағын футболдан өткен турнирді қорытындылады

Соның ішінде ақтық сынға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті мен Әскери институттың командалары өтті. Соңғылар 3:1 есебімен қарсыластарынан басым түсіп, бас жүлде – кубокқа ие болды. Сондай-ақ, осы күні түрлі номинациялар бойынша үздіктердің есімдері аталды. Осылайша, Әскери институттың қызметкері Аңсаған Жұманов “Үздік қақпашы атанды. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаментінің өкілі Нұрбек Нұржан “Жақсы шабуылшы” аталымын жеңіп алды. Жиын соңында жеңімпаз бен жүлдегерлерге “Динамо” белгісі бар жейделер таратылды.

 

Айсулу Сергали