Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елімізде террористік қауіптің “сары” деңгейі шілденің 16-сынан бастап 30 күнге ұзартылды

Сол себепті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өңір тұрғындарын алдын ала сақ болуға шақырады. Қоғамдық жерлер мен көліктерде иесіз жатқан сөмкелер мен қораптарға, сымдар мен техникалық құрылғыларға назар салыңыздар. Оларды тасымалдауға немесе уақытша сақтау мақсатында бөгде біреулердің қолынан алмаңыздар. Құқық қорғау органдары құжаттарды тексерген кезде оларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Осы орайда, мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына ғана мән бергендеріңіз абзал.

 

Айсулу Сергали