Әр түрлі

“Otau TV” абоненттері ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісіне көшірілуде

Ғалымбек Нұрбалиев – “Қазтелерадио” АҚ филиалының СҚОТРД басшысы:

-Қазақстандық жерсерікті таңдай отырып, біз отандық эко­номиканың дамуына сеп боламыз. “KazSat” ұлттық жүйесі қа­зақстандық байланыс опе­ра­тор­ларының қажеттіліктерін қа­нағаттандыру үшін жасалған. Сон­­­дай-ақ, ол еліміздің ақпарат­тық қауіпсіздігін нығайтып, мем­лекеттік органдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қамтамасыз етеді.

Қазақстандық “KazSat-3” жер­серігіне көшу көрермендерге қо­сымша SD арналар көруге мүм­кіндік береді. Сондай-ақ, ақылы арналар топтамасына қосылған пайдаланушылар HD арналарды тамашалай алады.

Ғалымбек Нұрбалиев – “Қазтелерадио” АҚ филиалының СҚОТРД басшысы:

-“KazSat-3” жерсерігіне көшу үшін абоненттерге осы жылдың қыркүйек айына дейін қондырғыны қайта теңдестіруі керек. Оны әр тұтынушы өзі де істей алады. Ол үшін “Қазтелерадио”-ның сайтына кіріп, қондырғыны теңестіру нұсқаулығын оқу керек. Және абоненттік қондырғыны теңестіргенен кейін бізге 8(7152) 36-04-70 телефон нөміріне қоңырау шалып, біз сұратқан мәліметтерді айтуларыңыз қажет.

“ОТАU TV” ұлттық жерсеріктік телехабар тарату желісіне қосылған абоненттерге толық пакет ретінде 115 арна ұсынылмақ. Оның 50-і отандық арна тегін көрсетіледі. Қалғаны – ақылы.

Берік Қасен