Әр түрлі

Партиялық мониторинг және бақылау тобы білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты

Жоспар бойынша мамандар ескірген 72 терезені алмастырулары тиіс. Бүгінде оның 45-іне жаңасы орнатылыпты. Күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 жарым миллион теңгеден аса қаражат бөлінген.

Наталья Букатова – Бірінші гимназияның директоры:

-Қалалық бірінші гимназияның тұрғызылғанына 50 жылдан артық уақыт болды. Содан бастап ғимаратқа ешқандай жөндеу көрмеді. Өткен жұмада алғаш рет нысанның шатыры мен суағарларына ағымдық жөндеу жасалды. Бұл іске жергілікті бюджеттен 4 жарым миллион теңгеден аса қаражат жұмсалды. Бұрын бірінші қабаттағы терезелеріміз ескі болғандықтан даладан суық үрлейтін. Енді барлығын жаңасына алмастырсақ ғимарат іші жылы болады.

Бүгін гиманизиядағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен партиялық мониторинг және бақылау тобының мүшелері танысты. Олар орнатылған жаңа терезелерді көріп олқылықтарды да анықтады.

Мұндай рейд шараларын партиялық мониторинг және бақылау тобының өкілдері қаламызда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарда әр ай сайын өткізіп тұрады.

Жалпы, мамандар Қалалық бірінші гимназиядағы күрделі жөндеу жұмыстарын шілденің 31-іне дейін аяқтаулары тиіс.

 

Култанов Байболат