Әр түрлі

Ғ.Мүсірепов ауданында найзағай түсіп, 15 жастағы жасөспірім қаза тапты

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні кешке найзағай түсіп, 15 жастағы жасөспірім қаза тапқан. Жауын басталған кезде ол атқан мініп, мал айдауға шыққан екен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмған. Еске сала кетейік, мұндай жағдай мамырдың 28-інде Аққайың ауданының Қиялы ауылында орын алған болатын. Онда велосипедпен келе жатқан 54 жастағы әйел адамға найзағай түсіп, мерт болды.

 

Айсулу Сергали