Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ратмир Ахметов СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ол 1984 жылы Қарағанды облысы Балхаш қаласында дүниеге келген. Инженер және экономика мамандықтары бойынша Қазақ көлік және коммуникация академиясы мен Қазақ технология және бизнес университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003-ші жылы бастаған Ратмир Ахметов “Так лэнд” серіктестігінде көлік және кедендік құжаттарды толтыру бойынша менеджер, кейін бөлім жетекшісі қызметін атқарған.

Сондай-ақ, ол Автомобиль жолдары комитетінің құрылыс басқармасына жетекшілік еткен. “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” АҚ инвестициялық жобалар және автомобиль жолдарының желісін дамыту Департаменті директорының орынбасары, кейін облыстық құрылыс басқармасының басшысы, одан соң аймақ жетекшісінің кеңесшісі болып еңбек етті. 2016-шы жылдан бастап осы күнге дейін “ҚазАвтоЖол” Ұлттық Компаниясының” басқарушы директоры қызметін атқарған.

 

Риат Шони