Спорт

ҚР чемпионатынан теріскейлік гір көтерушілер алтынмен оралды

Оның ішінде Михаил Вологодский мен Владислав Третьяков чемпион атағын жеңіп алды. Олар 73-78 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Владислав Третьяков жұлқа көтеруде республика бойынша рекорд жаңартып, гір тасын бойынан 83 рет асырған. Қыздар арасында Мария Наумова 58 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Одан бөлек, теріскейлік спортшылар бірнеше күміс медаль әкелді. Ал, командалық есепте өңір құрамасы алтын медальды 6 жыл қатарынан қанжығалап отыр. Айта кетейік, бұл сайыс Әлем чемпионатына іріктеу түрінде өтті. Мұнда өзін танытқан ең мықты 9 спортшы жолдамаға ие болады.

 

Акбопе Танирберген