Қайырымдылық

Теріскейлік еріктілер мүгедек-ардагерлерге қол ұшын созбақ ниетте

Ал оған дейін мейірімді жандар Аяна Хабибулаға азық-түлік толы дорбаларды тапсыра алады. Әзірге, бұл ұсынысқа 10 ерікті үн қатыпты. Қазір Аяна Хабибуланың балконы азық-түлікке толып тұр. Ұн, қант, қарақұмық, күнбағыс майы. Бұның барлығын Ұлы Отан соғысының мүгедек-ардагерлеріне көмек көрсету ретінде еріктілер әкелген. Игі іспен айналысуды нәзік жанды сәуір айында бастапты.

Қол ұшын созуға дайын 30 шақты жандардың басын қосып, арнайы топ құрып, көпбалалы аналарға материалдық тұрғыда көмектескен. Енді Аяна Хабибула бастаған еріктілер сауабы мол істі жалғастырып жатыр. Бұның барлығын олар 100-ден астам ардагерге үй-үйді аралап таратпақ.

Аяна Хабибула:

-Көмек көрсетем деген тұрындарға айтарым, азық-түлік әкелгенде тез бүлінбейтіндерді, яғни ұн, қант, күріш сынды тағамды жеткізуді өтінемін. Ұлы Отан соғысының ардагерлері біз үшін бейбіт күнді сыйлады. Оларға мәңгілік қарыздармыз. Аштықты да, жоқтықты да көрді. Теріскейліктерді оларға көмектесуге шақырамын. Сондай-ақ, дәріханалар да қол ұшын созса деймін.

 

Риат Шони